Басты Жаңалықтар Референдум: Басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Референдум: Басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Референдум күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады? Өзге өңірде жүрген  азаматтар алдын ала өтініш беруі тиіс. Есептен шығару куәлігін азаматтың өзі ғана емес, сенімхат арқылы өкілі де ала алады. Алайда құжат жоғалған жағдайда ол қайта берілмейді. Сондықтан комиссия құжаттың сақталуына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Самал Қабышева рет-ретімен түсіндіріп береді.    

Самал Қабышева, тілші:

15 наурызда өзіңіз тұратын қалада болмасаңыз, іс сапармен немесе жеке шаруаңызбен басқа қалаға, ауылға шығып кетсеңіз қалай дауыс беруге болады?  Ол үшін есептен шығару куәлігін алу қажет. Ол куәлік, міне осындай.  Бұл құжатты қалай аласыз? Тіркелген жеріңіздегі учаскеге барасыз. Өтініш толтырасыз. Жеке куәлігіңізді көрсетесіз. Сізге есептен шығару куәлігі беріледі. Ескеретін жайт. Куәлік 27 ақпаннан бастап беріле бастады. 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін алуға болады.  Бұл құжат тек бір қаладан екінші қалаға, немесе ауылдан қалаға уақытша кеткен азаматтарға беріледі. Куәлікпен өзіңізге жақын орналасқан кез-келген учаскесіне барып, дауыс бере аласыз.

Бейсембай Жұмабеков, Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

Бұл жерде бір ескертіп кететін шаруа, бүгінгі күні бұл куәлікті азамат Алматы қаласында регистрацияда тұр екен. Сол жақтан ол кісі туыстарына, таныстарына қолхаттама беріп, сол жерден открепительный талонды алғызып, осы жаққа беріп, ол кісі осы жақта дауыс бере алатындай мүмкіншілігі бар. Ол заң түрінде белгіленген. 

Шетелде жүрген азаматтар не істейді? Шетелдегі қазақстандықтар сол елдегі елшілікке барып, паспортын көрсетіп, дауыс беруге құқылы. 15 наурызда өтетін республикалық референдумда азаматтар дауыс беру учаскесін жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы біле алады. Дәл осы сілтемелер арқылы өтіп, өз учаскеңізді таба аласыз. Қысқасы, қай жерде жүрсеңіз де, дауыс беру мүмкіндігі бар.

Бөлісу