Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға үндеу жасады
Елде қызылшаға байланысты жағдай әлі тұрақталған жоқ. Тек Астанада 81 адам жұқтырған. Алматы қаласында – 48, Атырау, Алматы, Қостанай облыстарында 57 жағдайдан, Батыс Қазақстанда 29 адамнан қызылша анықталған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады. Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігі үшін иммундау шараларын күшейте түсу керек. Қазір барлық өңірде 6-10 ай аралығындағы сәбилерге вакцина салынып жатыр. Бұрын екпе алмаған 2 мен 5 және 7 -18 жас аралығындағы балаларға да салынады.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Қызылша жай ғана балалар инфекциясы емес. Бұл ауру өкпенің қабынуына, яғни пневмонияға, отитке, орталық жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін. Ал сирек жағдайларда өлім қаупі де бар. Әсіресе, ерте жастағы балалар өте осал келеді. Қазіргі таңда қорғанудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген, жалғыз сенімді жолы – вакцинация.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00