Маусымның үшінші жексенбісі - дәрігерлердің төл мерекесі. Осыған орай елордалық дәрігерлердің арасынан «Алтын шипагер» иелері анықталды.
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған ерекше байқауға 100-ден аса үміткер қатысыпты. Бірегей ота жасаған, емдеудің жаңа әдісін енгізген үздіктер анықталды. Бұған қоса, «Цифрландыру көшбасшысы», «Ең үздік жас терапевт», «Үздік жедел-жәрдем бригадасы», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша бірнеше маман марапатталды.
Жеңіпаздарға 1 млн. теңге көлемінде сыйақы табысталды. Қалалық дәрігерлерді министр келіп құттықтап, оладың алдында бас иетінін айтты.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Алдымызда міндеттер бар. Өткен жылы Елбасы нақты тапсырмалар берді. Біз сіздерге сенеміз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ