Семейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты әр тұрғынның мәртебесін анықтау бойынша жұмыстар толық аяқталды. «Бұл - ақпараттандыру жұмысын белсенді жүргізгеннің арқасы», - дейді мамандар. Әлеуметтік медициналық сақтандыру - әлемде ұзақ жылдар бойы сұрыптаудан өтіп, тиімділігін дәлелдеген жүйе. Оны енгізу арқылы ең алдымен, медицина саласына бөлінетін қаржыны көбейту көзделіп отыр.
Қаражат көбейсе, саладағы бірталай мәселе шешіліп, қызмет көрсетудің сапасы артады деген үміт бар. Бұған қоса, тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту жұмыстары да жөнге келтірілмек.
Нәйлә Әлменева, Ұлттық медицина қауымдастығы филиалының президенті:
- Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады. Себебі, медицина жүйесі көштен қалмау керек. Бұл ретте бастысы – сапалы қызмет. Осыны жұрт жақсы қабылдап отыр. Бұл бізді қатты қуантады. Тұрғындар жаңа жүйе туралы жақсы ақпараттандырылған. Енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың барлығы халық денсаулығы үшін жасалып отыр.
Дарын САҒИТОВ