Басты Жаңалықтар Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын AI 33 секундта анықтайды

Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын AI 33 секундта анықтайды

33 секунд. Донорлық арқылы ауыстырылатын бүйректі ағзаның қабылдауын жасанды интеллект небәрі  33 секундта анықтайды. Бұл тың жоба. Авторы - қазақстандық студент Асылжан Абдуллаев. Астана IT университетінің 3-курс студенті әзірлеген жаңа стартап жобаның маңызы өте зор. Себебі донордың бүйрегін ұзақ сақтап қоюға болмайды. Ал жасанды интеллект дәрігерлерге қажетті ақпаратты бірнеше секундта саралап, бүйректің науқасқа қаншалықты сәйкес келетінін анықтауға көмектеседі. Қандай да асқыну болады-болмайды оны да алдын-ала көрсетеді. Бұрын бұл үшін мамандарға бірнеше сағат қажет болса, енді жасанды интеллект секундттардың ішінде анықтайды. Яғни дәрігерлер уақыт жоғалтпайды. Асылжан бұл жобаны бір жылдың ішінде жүзеге асырған. Қазірдің өзінде Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия елдері қызығушылық танытып, ұсыныстарын жарыса білдіріп жатқандарын айтады.  

Асылжан Абдуллаев, жоба авторы:

Осыдан 5 күн бұрын біз Түркия Республикасының Астанасында стартаптар қорының өткізген Empower Me акселерациялық жобасының бірінші орын иегерлері атандық. Кувейттік  үлкен корпорациямен бірге Түркия нарығында жұмыс істейміз және 10 мың доллар жобаға сыйақы ретінде берілген болатын.


Бөлісу