Басты Жаңалықтар Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген

Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген

Түркістан облысында тау туризмі Төлеби, Түлкібас және Қазығұрт аудандарында қарқынды дамып келеді. Тау бөктеріндегі табиғаты көркем аумақтарда жаңа демалыс орындары салынып, туризм инфрақұрылымы жақсаруда. Сондай-ақ «Ақсу-Жабағылы», «Қаратау» қорықтары мен «Сайрам-Өгем», «Сырдария-Түркістан» ұлттық өңірлік табиғи парктеріне келушілер саны да көбейіп отыр. Жыл басынан бері таулы жерлерді 161 мыңнан астам турист тамашалаған. Бүгінде  ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 30 туристік соқпақ пен бағыттар ашылған. Мәселен халық көп баратын «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінде 11 туристік соқпақ ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Экотуризмді дамыту бағытында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

Данияр Өтегенов, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі төлеби филиалының инженері:

«Сайрам-Өгемде» келген қонақтарға тауды көрсету мақсатында 6 соқпақ жол орналасқан. Одан төменгі көл, жоғарғы көл бағытында маршруттық жолдар, белгілер, арнайы демалатын орындар орнатылған. Туристік мақсаттағы жолымыз 185 шақырым. Оның 57-сі жаяу, қалғанын атпен жүруге болады.


Бөлісу