Басты Жаңалықтар Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті

Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан сары құрлық бәсекесінде спортшыларымыз 8 жүлде еншіледі. Оның екеуі күміс, қалғаны қола медаль. Бокстан ширек финалға дейін жеткен 5 отандасымыздың үшеуі жарысты аяқтады. Тек 2 былғары қолғап шебері алтын жүлде үшін жұдырықтасады. Сонымен бірге,  бүгін татами шеберлерінің белдесуі басталды. Нәтижесін Азия ойындарының ортасында жүрген әріптесім Асылбек Данияр шолу жасайды.

Жапонияда қоржынды жүлдеге толтырады деп үміттен дзюдошылар бәсекесінің бірінші күні аяқталды. Қазіргі нәтиже: 2 күміс, оны әйедерден 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Абиба Абужақынова мен ерлерден 60 келідегі Олимпиада чемпионы Елдос Сметов еншіледі. Екі жерлесіміз де финалда жарыс қожайындарымен күресіп, есе жіберді. Екеуінің қарсыластары бір үйдің балалары: ағайынды Кондодлар. Абибаның шешуші кезеңдегі алғашқы жасаған әдісі вазари ұпайымен бағаланып, артыншы төрешілер алып тастады. Одан кейін жапон қызы бірнеше рет шабуыл жасап, ақыры ұстап тұру арқылы иппон ұпайымен жеңді. Енді Абиба 3 күннен кейін Бакуде өтетін әлем біріншілігіне аттанады. Ол былтырғы күмісті алтынға айырбастауды мақсат етіп отыр. Ал Елдос болса төртінші Олимпидасына бару үшін дайындықты күшейте түсуді жоспарлап отыр.

Елдос Сметов, Азия ойындарының күміс жүлдегері:

Қазақ елі, ренжімеңіздер, күміс болып қалды. Адағы жарыстарда Олимпиада, әлем біріншіліктерінде алтыннан алқа салу үшін барымызды саламыз. Бұл менің спортық жолымдағы мүмкіндік. Әр адам өзінің арманына, өзінің мақсатына жету үшін күресуге құқылы. Сондықтан да мен соңына дейін күресемін.

Сондай-ақ 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен әйелдерден 52 келідегі Меруерт Сәрсенова жұбаныш финалында жеңіліп, қоланы уысында ұстап қала алмады. Сонымен бірге бокстан Махмұт Сабырхан, Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова Азиаданы ширек финалдан аяқтап, қоланы қанағат етті. Тек аса ауыр салсақтағы Айбек Оралбай мен 70 келідегі Төрехан Сабырхан ғана финалда жұдырықтасу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан бөлек грек-рим күресінен 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет те үшінші орыннан көрінді. Және де слаломды ескек есуден бақ сынаған екі отандасымыз ел қоржынына 2 қола медаль салды.

Асылбек Данияр, тілші:

Байрақты доданың он бірінші күнінде Қазақстан атлеттері спорттың 15 түрінен бақ сынап, 12 медаль жиынтығы үшін таласты. Барлығы 8 жүлде жеңіп алды. Ұлттық құрама: 9 алтын, 16 күміс, 31 қоламен жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр. Көш басын Қытай, Жапония мен Корея бастап тұр. Құрлықтық доданың аяқталуына 4 күн қалды.


Бөлісу