Жұқпалы дерт өршіп тұр
Африка елдеріне барып келгендер міндетті түрде сынама тапсырып, дәрігерге қаралуы керек.
Мұндай кеңесті Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі беріп отыр.
«Туроператорлар мен турагенттер Африканың батыс елдеріне баратындарды міндетті түрде эпидемиологиялық ахуал туралы ақпараттандыруы қажет», дейді мамандар.
Басты себеп - қазіргі таңда Батыс Африкада Эбола безгегінен 467-ге жуық адам қайтыс болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, осы ауруды жұқтырғандардың саны 753-ке жетіп, небәрі 1 аптаның ішінде бұрынғы көрсеткішке қарағанда 109-ға артыпты.
Бұл жұқпалы дерт Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде өршіп тұр.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25