Басты Жаңалықтар «Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты

«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде жалғасып, тазалық және абаттандыру шаралары жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Түркістан облысының Шардара қаласында да сенбілік ұйымдастырылды. Қаланың мыңнан аса тұрғыны қолдарына күрек-кетпен ұстап, тазалық шарасына қатысты. 10-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Акция барысында «Шардара – Келес» облыстық маңызы бар жолының бойы қураған шөптерден және тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Көше бойына тасталған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар жиналады.  Әсіресе жастар мен түрлі сала өкілдері тазалық жұмыстарында белсенділік танытып, өз үлестерін қосты.


Бөлісу