Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады. Жасыл Даму акционерлік қоғамының Екоқолдау мобильді қосымшасы арқылы қоқысты пайдаға асыру мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін мобильді қосымшаны жүктеп, үйдегі шыны, пластик, картон және ескі шина сынды заттардың суретін қосымшаға салу керек. Ұсыныстардың біреуін таңдап, өзара келісім жасау қажет. Қалдық қабылдау жеке тұлғалар үшін кемінде 10 келіден, ұйымдар мен компаниялар үшін 30 килограмнан басталады. Бастысы қоқыс таза, ұқыпты болуы шарт. 1 кг әйнек 40 теңге, қағаз 60 теңгеге бағаланса, пластиктің келісін 100 теңгеге сатуға болады. Таза Қазақстан акциясы аясында қолға алынған бастама тұрғындарға экологиялық жобаларға белсенді араласуға мүмкіндік беріп отыр.
Нұржан Дүйсебай, «Жасыл даму» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің өкілі:
Экоқолдау бағдарламасы кез келген Appstore, Google Play-лерден жүктеп алып, халық арасында кеңінен танытуға болады. Қазіргі кезде экологиялық мәдениет қарқынды түрде дамып жатыр. Барлықтары көбінесе экологиялық санс қалыптасып жатыр. Бұл өте қуанышты. Қалдықтарды жай ғана полигондарға жібермей, арнайы контейнерлерге өткізіп оны қайта өңдеуге екінші өмір беріп жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25
Астана әлемдегі үздік туристік бағыттар тізіміне енді
24.09.2026, 17:23