Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
Азия ойындарының бесінші жарыс күні тарихи нәтижемен басталды. Академиялық ескек есуден Қазақстан тұңғыш рет Азия ойындарының алтын медаліне ие болды. Тарихи жүлдені Владислав Яковлев пен Иван Чернухин сыйлады. Спортшылар рульсіз қос қайық бәсекесінде қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Қазақстандық экипаждар финалда барын салды. Алғашқы 500 метрде төртінші болды. Мәреге жақындаған сайын жылдамдықты арттырып, басты қарсыластары Қытай құрамасын 2 секундқа басып озды. Осылайша, Жапонияда еліміздің әнұраны 8-ші рет шырқалды.
Иван Чернухин, академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы:
Бұл менің бірінші Азия ойындарым. Өте сәтті, әрі нәтижелі өтті деп есептеймін. Жаттығыуымыз да ойдағыдай өтті. Жарыста қарсыластарымыздан озып кеткен сәт ерекше есте қалады. Біз өзіміздің діттеген мақсатымызға жеттік. Оған қасымдағы командаласымының мол тәжірибесі де әсер етті. Ол маған барынша көмектесіп, кеңесін айтты.
Сондай-ақ бүгін каноэ мен байдарка есуден жұптық сында қыздар құрамасы күміс
еншілесе, ерлер қолаға қол созды. Сондай-ақ, у-шудан Абдурашид Абдуллаев
финалда Иран өкілінен жеңіліп күміс жүлдеге ие болды. Спорттық гимнастикадан
Миллад Карими араға 32 жыл салып ел қоржынына Азия ойындарының күмісін сыйлады.
Бұдан бөлек, 19 жастағы семсерлесуші Кирилл Проходов жекелей сында екінші
орыннан көрінді. Ол шешуші кезеңде жарыс қожайыны, Олимпиада чемпионы Коки
Канодан 13:15 есебімен жеңілді. Жарыстар жалғасуда.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25
Астана әлемдегі үздік туристік бағыттар тізіміне енді
24.09.2026, 17:23