Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
Қызылорда қаласында тал егуді құр ұранмен емес өмірлік үрдісіне айналдырған жандар аз емес. Солардың бірі эко-белсенді Болат Нұрқожаев. Табиғат жанышыры шаһарда 3 мыңға жуық көшет отырғызған. Бүгінде оның ағаштары тұрғындар серуен құратын саялы баққа айналып отыр. Болмысы бөлек кейіпкермен тілшіміз Әділбек Серікұлы тілдесіп қайтты.
Болат Нұрқожаев қаланы көгалдандыруға атсалысып жүрген белсенді азаматтардың бірі. Бірер жыл бұрын ол Бейбарыс көшесіндегі тақыр жерге аяқсу жүйесін жүргізіп, айналаға жаппай тал еккен. Қазір бұл аумақ жасыл желекке оранып жайқалып тұр. Табиғат жанашыры өзі өсірген саябаққа жиі келіп, мұндағы ағаштарға әлі күнге дейін күтім жасап тұрады.
Болат Нұрқожаев, эко-белсенді:
Осы жердегі 2 мыңдай талды отбасымызбен егіп шықтық. Тұрғындар кезінде 2018-2019 жылдары сенбілікке шақырып, осы жерде көмектесіп арық қазып, су жүргізіп өзіміздің күшімізбен сөйтіп еккенбіз. Қазір осы тұрғанда бұл жайқалып тал болып, үлкен парк аумағы болып тұр.
Мұнан бөлек эко-белсенді қалада бірнеше көшеге жағалай көшет отырғызып, көктемдегі шыбықтардың көбі бүгінде бой алып кеткен. Ең қызығы, ол топырақтың құнарын арттыратын тыңайтқышты жылдам даярлайтын қондырғы ойлап тапқан. Кәдімгі қураған ағаш пен жапырақты арнайы аппарат арқылы ұсақтап оны сортаң жерге себеді. Яғни бұл түрлі химикатсыз табиғи жолмен тал өсірудің бірден-бір тиімді әдісі.
Болат Нұрқожаев, эко-белсенді:
Мынадай етіп талдың түбіне сеуіп тастаса, бұл бір жағынан ылғал ұстайды, екінші жағынан органикалық тыңайтқыш нағыз тыңайтқыш осыда. «Таза Қазақстан» дегеннің өзі табиғаты әсем керемет таза қылудың бір жолы осы көгалдандыру.
Президент бастамасымен қола алынған еліміздегі «Таза Қазақстан» эко акциясы тұрғындардың туған жерін көгалдандыруға деген көзқарасын өзгертіп, ауқымды науқан қазір ұлттық жобаға айналды. Қазір сенбіліктерге халық жұмыла қатысып, игі істен қалыс қалмауда.
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы жаңа Конституцияда айқындалып, алдымызда
экологиялық мәдениеті жоғары елге айналу міндеті тұр. Бұл бағытта Сыр өңірінде
тазалық науқанының ауқымы кеңейіп келеді. Жыл басынан бері сенбіліктерге 400
мың адам қатысып, 9 мың тонна қоқыс шығарылып, 88 мың көшет егілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы