Басты Жаңалықтар Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Оңтүстік Кореяға баратын болды

Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Оңтүстік Кореяға баратын болды

Білім ордасы Корей елшілігі жанындағы Білім беру орталығының өкілдерімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Соның арқасында қазақ жастары Кореяда, ал, корей оқушылары Қазақстанда білімін шыңдайтын болады. Жалпы, бұл үрдіс 2011 жылдан басталған Назарбаев зияткерлік мектебінде корей тілі үйретіледі. Талдықорғандағы келіссөздерден кейін Оңтүстік Кореяда оқушылардан бөлек, ұстаздар да білімін жетілдіретін болды. 

Нам Хёну, Білім беру орталығының директоры:

- Біз бірінші кезекте оқу орнын корей тілін үйретуге қажет құрал-жабдықтармен, оқулықтармен қамтамасыз ететін боламыз. Шәкірттердің білім деңгейін жоғарылатқымыз келеді. Қазіргі таңда біз қанша оқушы жіберіп, қанша оқушы қабылдай алатынымызды анықтап жатырмыз. Ең бастысы, оқушылармен бірге корей тілінің мұғалімдері де елімізге келіп тәжірибе алмасатын болады. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу