Тараз вокзалы пайдалануға берілді
Республика күні мерекесіне орай тоғыз жолдың торабындағы Тараз вокзалы пайдалануға берілді. Былтыр күрделі жөндеуге жабылған нысан 3,4 млрд теңгеге жаңартылды.
40 жылдан астам тарихы бар вокзал Президенттің теміржол инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі тапсырмасы бойынша толықтай жөнделді. Перронынан бастап жаңарған ғимарат жолаушы үшін жайлы. Екі қабатты нысанға жылжымалы текпешектен бастап, лифтіге дейін қойылған. Бұрын ішкі аумағы 2,5 мың шаршы метр болса, жөндеуден соң 3400 шаршы метрге кеңейген. Вокзал арқылы тәулігіне 32 жолаушылар пойызы мен 3 мың жолаушы қатынайды. Аймақта бұдан бөлек Шу, Түрксіб, Отар және Боранды станциясындағы вокзалдар жаңарды.
Гүлнәр Сәрсенбекова, қала тұрғыны:
Қуанышты болып келіп жатырмыз, өте керемет вокзал. Эскалатор соғылыпты, мен өзім көп жол жүремін. Президентімізге, басшыларға рақмет осындай дәрежеге жеткізгеніне. Бұрын ана мен бала бөлмесі жоқ болатын, бағана қарап шықтым, бар екен. Балалар ойнайтын алаң жоқ болатын, ол да бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы