Басты Жаңалықтар Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. Облыс орталығындағы Амфитеатр алаңына жиналған жұртшылық көк байраққа құрмет көрсетіп, Әнұранды бірге шырқады. Мерекелік шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Оркестрдің сүйемелдеуімен көк байрақ салтанатты түрде көтеріліп, қастерлі нышандарға құрмет көрсетілді. Республика күніне орай аймақта апта бойы 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Мәдени жиындарда ел бірлігі мен татулығы, Отанға деген сүйіспеншілік дәріптелді.

Айзат Қайратқызы, қала тұрғыны:

Бүгінгі болып жатқан үлкен мерекелік іс-шараға өте қуаныштымыз. Республика күні құтты болсын. Жеріміз көркейіп, көк байрағымыз желбірей берсін. Еліміз тыныш, жеріміз аман болсын.

Шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, өңір тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Тәуелсіздік – елдігіміздің тірегі, халқымыздың еркіндігі мен болашағының кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Егемендік әр халыққа бұйыра бермейтін бақ» деп, оның баға жетпес құндылық екенін атап өтті. Расында, тәуелсіздігімізді сақтау, мемлекеттігімізді нығайту, осы асыл мұраны келер ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Жергілікті өнерпаздар тәуелсіздіктің мән-маңызын айшықтайтын патриоттық әндер шырқады.

Бөлісу