Басты Жаңалықтар Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл «Бес әлеуметтік бастама» аясында гранттар саны 20 мыңға ұлғайды. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға, атап айтқанда, ақпараттық технологиялар, робототехника және нано-технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға бағытталды. 5 мыңы - еңбек нарығына қажет өзге де мамандықтарға, 3 мыңы - магистрлерді, 1 мыңы PhD докторларын даярлауға бөлінді. Осылайша, жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 53 594 грантқа дейін жетті. Қорыта айтқанда, 24 737 грант - техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтарына,  9 499-ы - педагогикалық, 2 785-і - ауыл шаруашылығы және ветеринария, 2 700 – медицина, 1 450 - гуманитарлық ғылымдарға және тағы да басқа әлеуметтік мамандықтарға бағытталған.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу