Қостанайда еліміздің озық ойлы оқушыларының басын қосқан республикалық олимпиада басталды. Алғырлар аламанында 600-ден астам шәкірт өзара бақ сынасып жатыр. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша озат оқушылар жарысы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы айналым теориялық негізде болса, кейінгісі тәжірибелік тұрғыда өтеді. Білім бәйгесінде биіктен көрінгендерге арнайы сертификаттар табыс етіліп, қол жеткізген жетістіктер келешекте жоғарғы оқу орнына түсер кезде есепке алынбақ.
Шолпан Қирабаева, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры:
- ҚР Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі түрде жыл сайын наурыз айында республикалық олимпиада өткізеді. Бір апта бұрын біз Атырау облысында болдық. Сонда математика бойынша болды. Бүгін Қостанайға 600 бала келді.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ