Қазақстанда инновациялық экономиканы құру үшін қомақты қаржы бөлу керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы мәлімдеді. Болатбек Әбдірасыловтың айтуынша, Еуропа елдері ғылым саласына жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын бөлсе, Израиль 4 пайызын, Оңтүстік Корея 3,5 пайызын ғылымның дамуына жұмсап отыр.
Ал, біздің елде бұл көрсеткіш 0,14 пайызды ғана құрайды. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда бұл өте аз ақша. «Инновацияға жетістіктерге жету үшін осы салаға бөлінетін қаржының көлемін ұлғайту қажет», - дейді комитет басшысы.
Отандық ғылымды алға қарай ілгерулету үшін үкімет Дүнижеүзілік банкпен бірлесіп, бірнеше жобаны іске асыруда.
Болатбек Әбдірасылов, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы:
- Негізінде бізде мұндай тәжірибе кезінде болмаған. Сол себепті, біз осы жоба арқылы ғылым мен өндірісті, ғылым мен бизнесті байланыстыратын модельдерін дүниеге келтіруіміз керек. Қазақстанның реалдарына сәйкестендіруіміз керек.
Альбина ӘШІМ