Енді оқушылар төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын кеңінен оқитын болады. Ол үшін Астана қаласының №63 мектеп-гимназиясында арнайы сынып ашылды.
Бұл пилоттық жоба. Әзірге қала бойынша бір мектепке орнатылған.
Оқушылар тек сынып айналасында ғана емес, сондай-ақ, құтқару қызметін практикалық жағынан да үйренетін болады. Ол үшін арнайы мамандар келіп дәріс оқиды.
Аталмыш жоба ҚР ІІМ ТЖ комитеті мен БҰҰ «ЮНИСЕФ» балалар қорымен жүзеге асырылды. Басты мақсат оқушылар арасында өздерінің жеке қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауаптылықты қалыптастыру.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ