Елордалық полицейлер мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық полицейлер мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтеді

01.09.2014
Елордалық полицейлер мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтеді

Бүгін Астана қаласының полицейлері 1 қыркүйек күніне арналған салтанатты шаралар мен сынып сағаттарына қатысты. Олар балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жол қозғалысы ережелері мен оны сақтау туралы айтып, 1-ші сынып оқушыларына жолдан дұрыс өтуді үйретті, деп хабарлайды аstana.kz сайты Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

Балалардың қатысуымен болатын ЖКО-ның алдын алу және оны болдырмау мақсатында 1-10 қыркүйекте полицейлер «Назар аударыңыз, бағдаршам!» алдын алу іс-шарасын өткізеді.  Жол-патрульдік полиция қызметі қалалық мектептердің және балалар мен жасөспірімдер көп баратын орындардың жанында кезекшілік етеді.

Сонымен қатар, әкімшілік полиция қызметкерлері 1-ші сыныптағы 120 оқушыға мектеп формасына арналған жарық шағылыстыратын ленталар таратады. Алдағы уақытта бірінші сыныптағы барлық оқушыны осындай ленталармен қамтамасыз ету көзделген.

Хабарламаларға жазылу