Астанада оқушылар арасында қалалық олимпиада өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада оқушылар арасында қалалық олимпиада өтуде

05.01.2016
Астанада оқушылар арасында қалалық олимпиада өтуде

 

Астанада 15 жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың III қалалық кезеңі басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Екі күнге жалғасатын жарыста №66 мектеп-лицейі мен №6 гимназия базасында 9-11 сыныпта оқитын 702 оқушы өзара сайысқа түседі.

№ 66 мектеп-лицейінде химия, биология, физика, математика, география, информатика пәндерінен; № 6 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептер арасындағы қазақ тілі; құқық негіздері, тарих, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептер арасындағы орыс тілі, ағылшын, неміс, француз тілдерінен сайыс өтуде.

Оқушылардың жұмыстарын елордалық жетекші жоғары оқу орындарының 58 ғалымынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Пәндік олимпиада жыл сайын Астана қаласының білім беру мекемелерінде оқитын дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында өткізіледі. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары биыл көктемде өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алады. 

Хабарламаларға жазылу