Астанада «Алыстан көрінген адам аман қалады» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Алыстан көрінген адам аман қалады» акциясы өтті

07.03.2015
Астанада «Алыстан көрінген адам аман қалады» акциясы өтті

Астанада №30 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Avtokontrolkz» ЖШС және Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, жалпы білім беретін мектептер арасында «Алыстан көрінген адам аман қалады» республикалық акциясын өткізді.

Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға сөмкелер мен сырт киімдерге арналған жарық шағылыстыратын жапсырмалар берілді.

Жарық шағылыстыратын элементтерді күнделікті  пайдалану - жүргізушілердің түнгі уақытта жолдағы жаяу жүргінші байқауға мүмкіндік береді. Бұл - жол қозғалысының қауіпсіздігіне оң әсерін тигізбек.

Іс-шара барысында №30, 48 мектеп оқушылары Жол қозғалысы ережелерін сақтауға арналған қойылым көрсетті, деп жазады astana.gov.kz. 

Хабарламаларға жазылу