Көкшетаулық мұғалім оқушылардың маңдайына «дәптер» деп жазған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық мұғалім оқушылардың маңдайына «дәптер» деп жазған

21.10.2021

Көкшетауда мұғалім бірінші сынып оқушыларының маңдайына «дәптер» деп жазып берген.  Дәптерін ұмытып кеткен 15 баланы осылай жазалаған.

Оқиға қаладағы №13 мектеп-гимназиясында болған. Бастауыш сынып мұғалімі мектепке биыл тамызда орналасқан. Десе де 27 жылдық өтілі бар. Қазір ол жұмыстан қуылды.


Көкшетау мұғалім дәптер

Хабарламаларға жазылу