Түркістанда 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді

15.12.2021

Биыл Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы басталып, оның 29-ы жыл соңына дейін пайдалануға берілді. Бұл - еліміздегі ең жоғары көрсеткіш. Мерекеге орай жаңа білім ошағының бірі Жетісай қаласында ашылды. «Тұран» мектеп-гимназиясында енді 1200 бала білім алады. Мектептің құрылысы екі жылға созылды. Дегенмен сапалы салынған ғимаратта спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы да бар.

Мөлдір Әбішова, мұғалім:

Ескі ғимаратта үш аусымда, сынып жетіспеушілігі көп болатын. Сол мәселелер шешіліп, балаларымыздың керемет білім алуына керемет жағдай жасалып отыр. Мектеп кең, жылы, жарық, өте әдемі. Соңғы заманауи үлгіде салынған.


Хабарламаларға жазылу