Қазақстанда көзі нашар көретін балалардың саны артқан

18.10.2019

Сонғы 10 жылда Қазақстанда көзі нашар көретін балалардың саны артқан. Бүгінде елімізде 3,5 мың зағип бала бар. Бұл - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің мамандарының мәліметі. Мамандар мемлекетімізде мұндай бүлдіршіндерді оқытатын инклюзивті мектептер аз екенін айтады. Мәселен, елордадағы №10 мектеп-гимназиясында көру қабілетінен айрылған 184 бала білім алады. Бірақ, бұл бас қалада қажетті құралдармен жабдықталған жалғыз мектеп. Сондықтан, олардың санын көбейтіп, жанарынан айрылған жандарды қоғамға бейімдеу маңызды болып тұр. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтанда Қазақстан, Түркия, Әзербайжан елінен келген балалар фестивалі өткізілді. Олардың ұстаздары мен тәрбиешілер тәжірибе алмасып, 3 күн бойы шеберлік сабақтарына қатыспақ.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу