Қазгидромет: 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

06.02.2014
Қазгидромет: 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы
 
6 ақпан күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
 
Жер-жерлерде қар, боран, қатты жел, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.
 
Атырау, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
 
Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, кейбір аудандарында тұман, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Хабарламаларға жазылу