Үш ауысымдық мектептер мәселесінің шешімі табылады
Бүгін Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі - апатты мектептер мен үш ауысымда жұмыс істеп жатқан білім ошақтары мәселесі бойынша баспасөз жиынын өткізді.
Ол баяндамасында республика бойынша 182-і апатты мектеп барын, қирағалы тұрған білім ошақтарының басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы облыстарында екендігін айтты.
Бұдан бөлек, үш ауысымда жұмыс істеп жатқан 112 мектептің де мәселесін сөз етті. Оқушылардың бір бөлігін таңертең, енді бір тобын түсте, ал жоғарғы сынып оқушыларын кешке оқытудың негізгі себебі - демографияға, көші-қонға байланысты екенін айтты.
«Қайсыбір облыстарда бала туу көрсеткіші жоғары. Ал енді бір өңірлерде жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда, жоғарғы жалақы ұсынуда. Сол себепті де көшіп келушілердің саны көп. Мектеп жетіспеушілігінің бір себебі - осы. Алайда, бұл мәселе алдағы 2-3 жылда шешіледі»,- дейді вице-министр.
Есенғазы Иманғалиев, Білім және ғылым вице-министрі:
2014-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына 73 білім беру нысанының құрылысы енгізілді. Осы жұмыстарға 51,1 миллиард теңге қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-ға тартылған инвестицияның көлемі 838 млрд теңгеден асты
08.04.2026, 20:05
Ыстанбұлда «Ұлы даладан Анадолыға дейін» көрмесі ашылды
08.04.2026, 17:37
Қонаевтағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы тексерілді
08.04.2026, 17:35
Шымкенттегі колледжде «Таза Қазақстан» экологиялық семинары өтті
08.04.2026, 17:32
Қостанай облысындағы диқандар әулеті бәріне үлгі болып отыр
08.04.2026, 17:30
Қостанай облысында 5,1 млн гектар жерге дән себіледі
08.04.2026, 17:27
Қазақстан Орталық Азияның сауда хабына айналып келеді
08.04.2026, 17:20
Түркістан облысының 30-дай ауылында жерасты суы көтеріліп кеткен
08.04.2026, 17:17