Басты Жаңалықтар Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Астанада Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Өскемен қаласы мен 11 ауданның шаруалары өз тауарларын ұсынды. Тілші тарқатады.

50 тонна ет, 25 тонна, 10 тонна сүті өнімдері. Балық, шұжық пен қымыз да бар. Жәрмеңкеде барлығы 150 тоннадан астам өнім ұсынылды. Жалпы құны 525 миллион теңгеден асатын тауарларды астаналықтар екі күн бойы 15-20 пайыз төмен бағада сатылды.

-         Ет алдық кішкене, тауық алдық, балық алдық. Бағасы кішкене арзандау дегесін келгенбіз.
-         Өте күшті барлығы арзан, жақсы. Бүгін қаймақ, картошка, пияз, үйге керек нәрсенің бәрін алдым
-         Зейнеткермін. Таза май алдым. Қатонқарағайдың балын алдым. Өте жақсы керемет. Бағасы да бізге нағыз тиімді баға.

Бұл жәрмеңкеде әсіресе бал көп. 60 тоннадан астам әкелінген. Өскеменнің тау балы елімізде ғана емес, көршілес Қытайдан бастап АҚШ-қа дейін танымал. Жыл сайын мың жарым тоннаға дейін экспортталады.

Ренат Құрмамбаев, ШҚО әкімінің орынбасары:

Шығыс Қазақстанның балына шетелде де сұраныс көбейіп барады. Былтырғы жылы Нью-Йорк қаласына Шығыс Қазақстаннан 19 тонна бал Америкаға жіберілді. Биыл Бруклин қаласына 40 тонна балл дайындап отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде барлық өнім санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай. Шаруалардың бәрінде әр өнім жайлы толық ақпарат, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар.


Бөлісу