Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған

Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған

Қантсыз балмұздақ, калориясы аз тәтті шырын! Ақтөбелік Ерәмір Сафин ерекше кәсіпті қолға алды. Табиғи, таза өнімдерге сұраныс жоғары. Ал, мектеп мұғалімі Жаннұр Бақытжанқызы кәдімгі жусаннан эфир майлары мен әтір өндіріп, қосымша табыс тауып отыр. Ерекше кәсіп иелерімен Жақсыбек Кемал жүздесіп келді.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Жусан иісі әр қазаққа жақын. Ақтөбе облысында бұл өсімдіктің 80-нен астам түрі өседі. Әтір мен эфир майын дайындауға оның барлығы бірдей жарай бермейді. Химия пәнінің мұғалімі қажетті өнім шығаруға дейін ұзақ зерттеулер жасаған.
Бұл ұзақ жылғы ізденістің нәтижесі. Жаннұр Бақытжанқызы шәкірттерімен бірге осы аумақта өсетін жусан түрлерін жеке-жеке зерттеген. Соңында оның тек бір түріне тоқталып, одан косметикалық өнімдер шығаруға болатынын дәлелдеді. Кейін оны кәсіпке айналдырып, қайтарымсыз грантқа ие болды.
Жаннұр Бақытжанқызы, жоба авторы:
Жусанның «Артемедиа апсениум» деген түрінен алынды. Себебі – қолжетімді, себебі – эфир майын алуға болады тез, жақсы. Осыдан парфюм иісі алынды. Жусан иісі бүкіл қазаққа белгілі.
Жаннұр өнімді дайындау үшін Алматыдағы арнайы мекемеге тапсырыс береді. Ал, өзі жоба авторы ретінде дайындау технологиясы мен сапасын қадағалайды. Дайын әтір мен эфир майын өзі де дайын құтыларға құйып, тікелей сатып отыр.
Жаннұр Бақытжанқызы, жоба авторы:
Буландыру арқылы эфир майы алынды, міне.Сол эфир майынан барып парфюм алынды. Әркім әр түрлі иістерді жақсы көреді. Сондықтан парфюм құрамына әр түрлі өсімдіктерді қостық осы жергілікті жерден.
Ал Ерәмір Сафин қантсыз балмұздақ пен шырындар шығарумен айналысады. Ол көп жылдан бері қант диабетімен өмір сүріп келеді. Табиғи, қантсыз тағамдардың қаншалықты маңызды екенін өмірлік тәжірибесінен біледі. Сондықтан бұл істі ерекше құлшыныспен бастаған. Үйінің бір бөлмесін шағын цехқа айналдырып, балмұздақпен қоса өзге де кондитерлік өнімдер шығарады. Алдағы уақытта өнім түрін көбейтуді қолға алмақ.
Ерәмір Сафин, кәсіпкер:
«Клубника в шоколоде» шекерсіз жасауға жоспар қойдық. Сосын иммунная паста, сау адамға да, ауыратын адамға да, әйел адам денсаулығына да, ер адам денсаулығына да пайдалы пасталар.
Ерәмір «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты арқылы қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Мұндай жобалар әрқашан қолдауға ие. Былтыр байқауға қатысқан екі жүзден аса адамның 20-сы осындай ерекше кәсіп түрлерін бастаған.


Бөлісу