Басты Жаңалықтар Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды

Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды

Елорда да ашық аспан астында «Нан фестивалі» өтті. Шарада астық сұрыптары мен дәнді дақылдар көпшіліктің назарына ұсынылған. Онымен қоса отандық шаруалар өз өнімдерін жәрмеңкеде таныстырып, халыққа таратты. Фестивалді «Дүниежүзілік азық-түлік күні» мерекесі аясында ұйымдастырған. Шараға кәсіпкерлерден бөлек, сала мамандары мен ғалымдар қатысты.
Рауан Ерұланқызы, БҰҰ азық-түлік және а/ш ұйымының жоба үйлестірушісі:
Бүкіл әлемде нан күні. Яғни азық-түлік күні тойланады. Бұл фестивальдің негізгі мақсаты сол мерекеге орайластырылып отыр. Біз бұл жерге міне өздеріңіз көріп тұрғандай ауыл шаруашылық саласында жүрген барлық біздің азық-түлік саласына қатысы бар белсенді кәсіпкерлерімізді шақырдық, ғалымдарды шақырдық.
Дәурен Әбдумүтәліп, кәсіпкер:
Өзіміздің кішігірім қожалығымыз бар. Жылқы, қаз, үндік және қара малмен айналысамыз. Әкем өзі ет бағытында мен осы сүт бағытын алдым. Осы таза өнім негізі бағытында мал шаруашылығы ондай қиын емес. Заманға сай талабында жасалса ол өте қолайлы және қолжетімді болады ғой бәрі.

Бөлісу