Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
Шымкентте жыл сайын 200 мың тоннадан астам қоқыс шығарылады. Осы ауқымды қалдықты уақытылы тасымалдау үшін автопаркке 23 жаңа техника берілді. Утилизациялық алым қаражаты есебінен жүзеге асқан жобаның құны 1 миллиард теңгеден асады. Заманауи қоқыс таситын көліктер GPS жүйесімен жабдықталған. Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорын шаһардың 5 ауданын қамтып, тұрмыстық қалдықты белгіленген кесте бойынша шығаруда. Мекеме қоқысты сұрыптап, қайта өңдейтін зауыттың құрылысын да бастап кеткен.
Ақжігіт Табылдиев, ЖШС директорының орынбасары:
Қазір 5 аудан бойынша қаланы тазалап, қоқысын шығарып жатырмыз. Алдағы жоспар, зауыт салу жоспарлануда, қалдықты өңдеп шығару мақсатында.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12
Шығыстағы Рахман Қайнарына дейін жол асфальтталды
05.10.2026, 17:10