Елордада Қанат Исламның жекпе-жегі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Қанат Исламның жекпе-жегі өтеді

21.06.2017

Қанат Исламның америкалық боксшы Джеймс Кирклендпен жекпе-жегі 9-қыркүйекте өтеді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында белгілі болды. Кәсіби бокс «ЭКСПО» көрмесі аясында ұйымдастырылмақ. Жекпе-жекке кіру билеттерінің бағасы әзірге белгісіз. Бір анығы – барша қазақстандықтар жылдың маңызды спорттық шарасын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» телеарналарынан тікелей тамашалайды.

Айта өтейік, Ұлттық арна Қанат Исламның кәсіби рингтегі алғашқы қадамдарынан бастап, әр жекпе-жегін қалт жібермей, үздіксіз көрсетіп келеді. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу