Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа жіберді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

18.02.2017
Қанат Ислам  Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассиске қарсы өткізген жекпе-жекте жеңіске жетті. Қолғап түйістірген боксшылар арасындағы жұдырықтасу 1 раундқа созылып, отандасымыздың бразилиялықты нокаутқа жіберуімен аяқталды.

Бұл жекпе-жек Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші жекпе-жегі. Қазақстандық боксшы 23 жұдырықтасуының біреуінде де жеңіліп көрмеген және 19-ын нокаутпен аяқтаған.

Қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы жекпе-жек Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) өтті. Бұл боксшылар кездесуін тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» және  «Kazsport» телеарналары.

Хабарламаларға жазылу