Қанат Исламның Робсон Ассиске қарсы жекпе-жегін Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Исламның Робсон Ассиске қарсы жекпе-жегін Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыздар

16.02.2017
Қанат Исламның Робсон Ассиске қарсы жекпе-жегін Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыздар

18 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО)  мен бразилиялық  Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) шаршы алаңда колғап түйістіреді.

Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өтеді деп күтілуде. Бұл - әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші жекпе-жегі.

Қанат осыған дейін 22 кездесуінде жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен  аяқтаған. Ал, Робсон кәсіпқой рингте 19 кездесуінің 16-ын  жеңіп, 9 жекпе-жегінде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып, үшеуінде жеңіліске  ұшыраған.

Қанат Ислам 1984 жылдың 13 қыркүйегінде Қытайда дүниеге келіп, Қазақстанға 2010 жылдары көшіп келген.  Бұған дейін әуесқой бокста Қытайдан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медальға ие болған. Кәсіпқой бокспен 2012 жылдан бері айналысып келеді. 

Қанат пен Робсонның жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарынан 18 ақпан күні, 07:55-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу