Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізбек
WBA белбеуінің «уақытша» чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновтың жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды.
Ол 2017 жылдың 10 ақпанында АҚШ-та WBA (Super) және IBO белбеулері үшін жұдырықтаспақ. Жерлесіміздің қарсыласы шаршы алаң иесі 29 жастағы Роуши Уоррен. Ол бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, 14-ін жеңіспен аяқтаған. Ал, жерлесіміз осыған дейін 27 кездесу өткізген. Оның біреуінде ғана қарсыласына есе жіберіп, қалған 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Жақиянов соңғы рет 2015 жылдың қараша айында төрешілердің шешімімен венесуэлалық Йонфрез Парехоны ұтып, «уақытша» белбеуді жеңіп алған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16