Астанада жаңадан бой көтерген жатақхана пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңадан бой көтерген жатақхана пайдалануға берілді

13.12.2017

Тәуелсіздік күні қарсаңында Еуразия ұлттық университеті студенттеріне осындай тарту жасады. 500 адам еркін орналасатын тоғыз қабатты ғимараттың 167 бөлмесі бар. Әр бөлме оқуға қажетті жиһазбен және техникалық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, барлығына ортақ асхана, спорт залы мен дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Айта өтейік, 17 мың студенті бар университеттің бұл жетінші жатақханасы.

Хабарламаларға жазылу