Талдықорғанда жаңа мешіт бой көтерді
Талдықорған қаласында зәулім мешіт пайдалануға берілді, деп хабарлайды muftiyat.kz. Шаһардың орталығында бой көтерген мешітте енді бір мезетте екі мыңға жуық адам құлшылық ете алады. Құрылысы сегіз жыл жүрген мешіт «Ұран» қайырымдылық қоры және халықтың көмегімен салынды.
Мешіттің ашылауына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, халықты имандылыққа, береке-бірлікке ұйытатын қасиетті мекенге айналуын тіледі.
Айта кету керек, жаңадан пайдалануға берілген бұл мешіт осы облыстағы мешіттердің ең үлкені. Онда келуші жамағатқа барлық жағдай жасалған. Озық сәулет үлгісімен көріктендіріліп, көлемі 3 гектардан асады. Айналасы көгалдандырылып, жанында автотұрақ та қарастырылған.
Фото: muftiyat.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20