Талдықорғанда жаңа жатақхана пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жаңа жатақхана пайдалануға берілді

02.09.2020

Талдықорғанда жаңа жатақхана жастар игіліне берілді. 288 орындық студенттер үйі Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында бой көтерді. 13 қабатты ғимарат бастапқыда қонақүй ретінде салына бастаған. Кейін жергілікті билік бос тұрған нысанды өз меншігіне алып, күрделі жөндеуіне бюджеттен 2,3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Студенттер үйінде кітапхана, кинотеатрға дейін бар. Айналасы да абаттандырылып, шаһар көркін аша түсті. 

Ілияс Түстікбаев, Қазақстан студенттер альянсының президенті:

- Студенттер үйі әлемдік стандарттарға сай және дамыған жоғарғы оқу орындарынан кем түспейді. Сол себептен де облысымыздың жастарына берген үлкен мүмкіндік.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу