Түркияда алапат өрт Измир қаласына жақындап қалды
Түркияның Измир қаласы маңындағы алапат орман өртін 3 күннен бері сөндіру мүмкін болмай жатыр. Қалың түтіннің кесірінен Измир халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Қазір ұшақтар көршілес әуежайларға жіберіліп жатыр. Қызыл жалын қала іргесіндегі бірнеше елді мекенге дейін жетіп, ондаған ғимарат отқа оранды. Өрт қаупін ескеріп ондаған ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Ауыл шаруашылығы және орман министрлігінің хабарлауынша, соңғы 3 күнде ел аумағында ірілі-ұсақты 263 орман өрті тұтанған. Измир, Мерсин және Хатайдағы ең ірі төрт өрт ошағынан басқалары қазірге дейін сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске күннің ыстығы мен қатты жел кедергі болып тұр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16