Астанада жаңадан бой көтерген Рыскелді қажы мешітінің әлемде теңдесі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңадан бой көтерген Рыскелді қажы мешітінің әлемде теңдесі жоқ

26.06.2018

Олай дейтініміз энергияға тәуелсіз ғимарат электр қуатын өзі өндіріп ғана қоймай, оны өзгелермен де бөлісе алады. Сөйтіп мешіт өз шығынын өзі жабады. Бүгін бірегей ғимаратты салған шетелдік компания өкілдері журналистерге баспасөз турын өткізді. Олардың айтуынша, мешіттің жанындағы күн энергиясы панелі жылына орташа есеппен 250 мың киловат қуат өндіре алады. Бір жылда оның 75 мыңы ғана пайдалынады. Ал, қалғанын сатылымға шығаруға  болады. 

Давид Михулец, «Neaubau best energy» компаниясының бас директоры:

- Панельдер жалпы әлемдік тәжірибеде осыдан 20-25 жыл бұрын пайда болған. Ал, Астанадағысының ерекшелігі климатқа орайластырылып жасалғанында. Сіздерде суықты сирек кездестіруге болады. Сондықтан, мұны да ескердік. Қысы-жазы мешіт қуатты өзі өнідіреді. Біз ай сайын келіп мониторлардан қанша қуат жұмсалғанын, қаншасы қорда бар екенін қадағалап отырамыз.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу