Қытай «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ресми серіктесі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ресми серіктесі атанды

02.09.2015
Қытай «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ресми серіктесі атанды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР мемлекетті ресми іс-сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Халықаралық саудаға жәрдемдесу бойынша Қытай комитетінің басшысы Цзян Цзэнвэй сәйкесінше келісімшартқа қол қойған болатын.

Қытайлық әріптестер еліміздің ұлттық компаниясына Шанхай қаласындағы ЭКСПО-2010 көрмесінің тәжірибесін ескере отырып, өзара кеңесу, ақпараттық-талдамалық, әдістемелік қолдау көрсететін болды. Оның үстіне, ХСЖҚ Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне инвестиция тартуды өз міндетіне алды.

Меморандумға сәйкес, екі жақ коммерциялық және инвестициялық қызмет, туризм бағыттары мен бизнес-процестер саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Меморандум ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Қытай нарығында  ілгерілетуде ауқымды қадам болары анық, әрі ҚХР инвестициялары мен туристерін барынша көрмеге тартуға мүмкіндік береді. 

ХСЖҚК «Recommended by EXPO» бағдарламасына ЭКСПО-2017 ресми серіктесі ретінде қатысуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, осы күні тағы бір мейлінше маңызды меморандумға ЭКСПО-2017 көрмесіне туристерді тарту бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ мен Қытай Халық Республикасының ірі туроператоры China Council for the Promotion of International Trade қол қойылды.

Бұл құжат ҚХР нарығындағы Астана қаласы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге арналған арнайы турпакеттердің және осы турпакет құрамында көрмеге қатысу билет сатылымының ілгерулеуіне ықпал етеді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу