Медициналық ұйымдардың жұмысы электрондық форматқа көшірілді. Облыс, қалалардан бөлек, аудан орталықтарына дейінгі емдеу мекемелері қағазбастылықтан арылған көрінеді. Ендігі меже - алыстағы ауыл-аймақтар. Цифрландыру шараларының нәтижесінде кезек күту уақыты 2 есеге дейін қысқарыпты. Халықтың емханаларға баруы да бірнеше есе азайған. Тиісінше, дәрігерлер мен емделушілердің уақыты біршама үнемделіп отыр. Сондай-ақ, жұмысқа тұрарда және жүргізуші куәлігін аларда жұртты біраз әбігерге салатын азаматтардың наркологиялық орталықта және жүйке аурулары бойынша есепте бар-жоғын куәландыратын анықтамалар алу үшін енді орталықтарға барудың қажеті жоқ. Оларды онлайн түрде және тегін алуға болады. «Амбулаториялық картаның да қажеттілігі көп ұзамай жойылады»,-деді мамандар.
Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- 250 млн теңгеге үнем көріп отырмыз. Қағаз сатып алудан немесе флюропленка сатып алудан бас тартудан.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.