Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
Атырау облысы Исатай ауданындағы мәдениет ошақтарының жағдайы көңіл көншітпейді. Зинеден және Исатай ауылдарының тұрғындарына жаңа мәдениет үйі қажет. Қолданыстағы ғимараттар тар әрі талапқа сай емес. Бірінде бірнеше мекеме бір ғимаратқа сыйса, енді бірінде өнерге қызыққан жастардың талабын дамытуға мүмкіндік жоқ. Толығырақ әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тарқатады.
Зинеден ауылындағы бұл клуб өткен жылдың 80-жылы салынған. Аядай нысанда 4 мекеме қатар жұмыс істейді. Пошта, мәдениет бөлімі, мұражай және кітапхана бір ғимаратқа сыйып тұр. 2 ай бұрын жөнделгенімен сапасы тым нашар.
Нұрбек Қойшығұлов, кітапханашы:
Ылғалдық бар, иә. Жұмысқа келгенде постоянно терезе ашып отырамыз. Іші өте тар. Былтыр төбелері тесіліп, биыл жасады. Қазір состояниесі өте нашар.
Сыйымдылығы өте нашар. Жағдайы да ондай керемет емес. Маңызды басқосулар болғанда халық сыймай жатады. Мәдениетке спортқа бетбұрыс қазір жақсы боп тұр. соған байланысты бізге бір клуб салып берсе.
Көршілес Исатай ауылында да осы жағдай. Мәдениет үйінен бөлек мұнда бірде-бір үйірме жоқ. Тіпті мұғалім тапшы. Бірақ 12 жастағы Заңғар Жұмабиден өз бетінше ғаламтордан домбыра үйреніп алған. Қазір достарын да өнерге баулып жүр.
Заңғар Еркебұланұлы, оқушы:
Бірінші әжем домбыраны жақсы көрді, содан соң маған да тарқызды. Сосын мен онлайн курсқа қатысып, ағайдан домбыра үйрендім. 5 айда 9 күй үйрендім. Ескі домбырам болды, соныменен.
Жаңа мәдениет үйі салынғанша ауыл тұрғындары 70-шы жылғы ескі клубты пайдаланып келеді. Ал музыка пәнінің мұғалімі лауазымына әкімдік маман таба алмай отыр.
Менде мысалы қазір қызметтік үй де бар егер келемін деген маман болса. Орынды да тауып береміз. Бірақ маманның жетіспеуі бізге қолбайлау болып отыр.
Исатай ауылында 148 мәдениет үйінің жобалау сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік экспертизадан өтіп тұр. Сонымен қатар мынау Зинеден ауылына мәдениет үйін салуға сұраныс бердік. Бірақ қазіргі таңда ҚР үкіметінің мораториі бар жариялаған, әкімшілік ғимараттар, мәдениет үйлері салу қазір тоқтап тұр.
Жауапты бөлім жаңа нысандардың құрылысы мораторий аяқталғаннан кейін қайта қаралатынын айтады. Ал әзірге ауыл тұрғындары барын қанағат тұтып, ескі ғимараттарды пайдалана тұруына тура келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы