Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
Жамбылда кітап сүйер қауым енді аймақ ақын, жазушыларының шығармаларын аудио нұсқада тыңдай алады. Қаламгерлер туындылары алғаш рет аудиокітап болып жарық көрді.
Тың жобаны облыстық зағип жандар және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұжымы құрастырды. Цифрлы кітапқа 16 автордың өз дауысымен оқыған шығармалары енгізілді. Поэзия, проза және сатира жанрындағы аудиошығармалар диск, флешка және QR-код арқылы қолжетімді. Осылайша мәдени мекеме зағип жандарға Әулиеатаның әдеби мұрасын тыңдау арқылы қабылдаудың жаңа мүмкіндігін ұсынды. Инклюзивті бастама аясында енді өзге өңір қаламгерлерінің шығармалары екінші кітапқа енгізіледі. Өйткені 3 мың оқырманы бар кітапхананың мыңға жуығы зағип жан.
Ербол Бегімов, оқырман:
Автордың шын үнін естіп, өзі үнін естіп, сол автормен сөйлесіп отырғандай боламыз. Кейбір азаматтар бізде үйінде жұмыс істейді. Солар нүктелі бедерлі қаріпіндегі кітапты қолымен оқығанға уақыты болмай, қолмен жұмыс істеп отырады да өздері жаңағы кітапты қосып қойып тыңдап отырады. Бұл өте ыңғайлы.
Хамит Есаман, ақын:
3 жыл бұрын жарық көрген «Фәни құбылыс» деген өлеңдер жинағымның ішіндегі 15 өлеңімді оқыдым. Ол өлеңдерде өмір жайлы, қоғам жайлы жалпы адамдарға қатысты дүниелер бар. Өз шығармаларымның осындай аудионұсқадағы, осындай бастамада қалың оқырманға жол тартқанына қуаныштымыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15
Түркістан облысында ₸103 млн субсидияны жымқырған
16.09.2026, 17:13