Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
Түркістан облысында тұзды, сортаң жерге терек өсірудің озық тәжірибесі таныстырылды. Отырар ауданына мақта еккен қытайлық кәсіпкерлер егістік алқапты желден қорғау үшін ағаш көшеттерін ерекше тәсілмен өсіріп жатыр. Қазір егістік алқапқа егілген қытайлық терек көшеттері жарты жылдың ішінде 2,5 метрге дейін өсіп, 90 пайызы бой алған. Озық тәжірибені енді облыс көлемінде жүзеге асырмақ. Өйткені өңірде жері сорланған әрі желі тоқтаусыз соғатын аудандарда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі төмен. Сондықтан әрбір аудан мен қаланың жауапты мамандарына тиісті жұмыс жүктелді.
Самат Расул, Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:
Ерекшелігі қаламшадан өсірген және 5 рет арамшөптен суаруы, суару тәсілдері біздегідей емес басқаша. Яғни суда кең көлемде күріш сияқты бір апта жатады. Одан кейін құрғатып, тазалау жұмыстары. Енді негізгі жаңағы беретін басқа да дәрілері олар бойынша тағы да мағлұматтар береміз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15
Түркістан облысында ₸103 млн субсидияны жымқырған
16.09.2026, 17:13