Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Егіс науқанына қаржы ерте беріледі

1 қазаннан бастап диқандар «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы келесі маусымға қаржы рәсімдей алады. Несие жылдық 5 пайызбен беріледі. Бұл шаруаларға тұқым мен қажетті ресурстарды алдын ала алып, техниканы дайындап, егіс жұмыстарына тыңғылықты қамдануға қолайлы. Биыл бағдарлама аясындағы қаржыландыру көлемі 664 миллиард теңгеден асты.
Дубайға рейстер қайта жанданады
Елімізден Дубайға әуе қатынасы да қайта жанданады. Air Astana 1 қазаннан бастап Алматы–Дубай, ал 2 қазаннан бастап Астана–Дубай бағыттарындағы тұрақты рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Қазан айының соңына қарай Алматыдан аптасына 12, Астанадан 10 рейске дейін көбейту көзделген. Әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды бақылуда ұстайды, керек жағдайда рейс уақыттары өзгеруі мүмкін.
Әскерге шақыру үдерісіне ЖИ енгізілді
Қазақстанда әскерге шақыру үдерісіне жасанды интеллект енгізіле бастады. Жүйе азаматтың білімі мен антропометриялық көрсеткіштерін ескеріп, оны әскер түрлері бөлу жөнінде ұсыным береді. Комиссия жұмысының бірқатар кезеңі электронды форматқа көшірілді. Бұл рәсімдерді жеделдетіп, құжат айналымын жеңілдетеді. Оған қоса сарбаздарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлеуден босату автоматтандырылды. Ал соңғы шешімді әскерге шақыру комиссиясы қабылдайды.
Е.Рыбакинаға АҚШ-та ерекше трофей табыстады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға АҚШ-та ерекше трофей табысталды. Әлемнің бірінші ракеткасына ММА жекпе-жектеріндегі чемпиондық белбеулер үлгісінде жасалған алтын түсті сыйлық берілді. Мұндай белбеулерді US Open ұйымдастырушылары турнир жеңімпаздарына дәстүрлі түрде сыйлайды.


Бөлісу