Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
Ақтөбеде ауыл жасөспірімдерінің бесінші жазғы спартакиадасы басталды. Оған еліміздің 17 өңірінен келген екі жарым мың спортшы қатысып жатыр. Тартысты бәсекелер спорттың 10 түрінен өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара ауыл балалары арасынан талантты спортшыларды табуға көмектеседі.
Асық ойыны ауыл баласының табиғатына жақын. Сондықтан болса керек, сайысқа қатысушылардың эмоциялары да шынайы. Командалық бәсеке болғандықтан, жеңіс үшін топтағы әр бала барын салуы тиіс. Жарыстың алғашқы күнінде Алматы, Батыс қазақстан және Түркістан облыстарынан келген балғындардың бағы басым, шеберлігі жоғары екені байқалды.
Еркебұлан Сәду, жарысқа қатысушы /Түркістан облысы/:
Үш жасымнан бастап асық ойнаймын. 2023-те Ақтауда болған жарыста, чемпионатта бірінші орын алғанмын. Әлем чемпионы болғым келеді осы асық спортынан.
Ал қыз балалар «Бес асық» ойынының көркін қыздырды. Ептілікті, әбжілдікті қажет ететін спорттың бұл түрінде де бәсекелестік өте жоғары. Әр командада үш қатысушыдан бар. Олардың бірінің қателігі ойын нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Асық ойыны ептілікті, шапшаңдықты, қол маторикасының ептілігін талап етеді. Ауыл балалары осылай облыс деңгейіне, республика деңгейіне көтеріліп жатырмыз ғой, көптеген мүмкіндік, жан-жақпен таныстық, басқа облыстардан дос та болады.
Жарысқа тек ауыл балалары ғана қатыса алады. Бұл олардың шеберлігін шыңдауға, деңгейлерін бағамдауға берілген үлкен мүмкіндік. Қатысушылар алдымен өз өңірлеріндегі сайыстарға қатысып, іріктеуден өткен.
Ержан Өтеғалиев, асық ату спортынан аға бапкер:
Бәрі ауылдан шығады ғой негізінде. Бірақ қалада мүмкіндік бар да. Қала балаларынеше түрлі спорт залдарға барады, жүзуге барады. Осындай жарыстар керек ауыл балаларына.
Спартакиада бағдарламасына волейбол, баскетбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ пен күрес түрлері енген. Жарыс 23-інші қыркүйекке дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы