Басты Жаңалықтар Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр

Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр

Әлемде мұнай бағасы құбылып тұр. Бір күн бұрын 3 пайызға өскен энергетикалық шикізат бағасы бүгін қайта түсті. Қазір «Брент» сұрыбы 107 долларға сатылып жатыр. Ал «Ви-Ти-ай» маркасының бір баррелі 104 доллар. АҚШ-та шикі мұнай, бензин және мұнай өнімдерінің қоры ұлғайды деген мәлімет инвесторлардың сенімін оятты. Шикі мұнай қоры 7,1 баррельге артқан. Ал сарапшылар керісінше төмендейді деп болжаған еді. Дегенмен мұнай бағасы әлі де құбылады. Себебі дрондар шабуылынан кейін істен шыққан Саудияның «Шығыс-Батыс» құбыры әлі ашылған жоқ. Оның үстіне Ормұз бұғазы арқылы өтіп жатқан кемелердің де саны азайған.


Бөлісу