Бағамдап қарасақ, көктемнің алғашқы айы бастала мерекелердің тиегі ағытылғандай. Алғыс айту мейрамынан соң әйелдердің халықаралық мерекесі көш жалғады. Елбасы ерекше күннің қарсаңында да сан салада еліміздің дамуына ерен үлес қосып жүрген бір топ қыз-келіншекті құттықтады.
Ақордада өткен «Көктем шуағы» атты мерекелік кездесуде ашық-жарқын әңгіме өрбіп, аналар күніне арналған ақ тілектер ақтарылды. Ақордаға жиналған әйелдер қауымы ерекше әдемі. Көңіл-күйлері де көтеріңкі. Оның айрықша себебі бар. Басқа емес, дәл осы жандар Мемлекет басшысының қолын алып, жүрекжарды лебізін естімек.
Арулардың жүздерінде қуанышпен қатар, қобалжу да бар. Елбасымен жүздесер сәтті тағатсыздана күтіп отыр. «Көктем шуағы». Бұл – мерекелік жиынның атауы. Әдемі әңгімені бастамас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев, маңайына шуақ шашқан нәзік жандарды алда келе жатқан мерекемен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ең қуанышты, ең әсем мереке ол – Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз. Баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дүниедегі бар бақыт пен жақсылықты Сіздерге тілеймін!
Бұдан соң, Мемлекет басшысы кездесуге келген қыз-келіншектердің әрқайсысымен танысты. Қызметтерін атап, табыстарын тізді. Қазақстанның дамуына қосып жатқан қомақты үлестері үшін алғыс айтты.

Бізде балалар үйі көп. Мемлекет бар жағдайды жасап жатқанына қарамастан, өкінішке қарай, ол жердегі жағдай мәз емес. Сіз ұлы іс істеп жатсырсыз. Аллаға да, адамға да керек затты жасап жатырсыз!
Көңілі кең, жүрегі мейірімге толы Жанар Байжолдинованың 13 баласы бар. Екеуі туған, 11-і асырап алынған. Ол - сан ұлыс өкілін бауырына басқан. Арасында орыс та бар, татар да бар, неміс, башқұрт пен удмурт та бар. Бөліп-жармайды, барлығы үлкен отбасында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Қазір әйел заты игеремеген кәсіп пен бағындырмаған белес жоқ. Қазақта ғана емес, жаһанда солай. Президенттің қабылдауында болған 25 әйел түрлі саланың озаттары. Арасында министр, депутат, ғалым, дәрігер, әнші спортшы мен әскери саланың қызметкері де бар.
Жиналғандардың дені – танымал болмағанымен талантты жандар. Ерен еңбектерімен ел мерейін үстем еткен мықтылар. Солардың бірі — Айна Кенесарина. Ерлерге тән ерекше кәсіп — темір жонушылықты игерген. Ал, Жазира Жапарқұл болса, қара күштің иесі. 8 жасынан бастап зіл темір көтерумен шұғылданған.
Ешбір жан назардан тыс қалмады. Аты аталды, мақтау естіді. Бұдан соң Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталды. Әйел ұлыстың ұйытқысы, берекенің бесігі. Елдің мерейлі мемлекетке айналуы – әр үйдегі татулық пен тыныштықтың нәтижесі. Ханымдар үйде отырып-ақ, ел мүддесіне қызмет етіп жатқанын терең түйсінуі тиіс. Емен-жарқын әңгіме бірде астарлы әзілге ауысса, бірде көңілді босатар аңызбен жалғасты.

Сүйгені үшін, анасының жүрегін жұлып алған жігіт жүгіріп келе жатқанда сүрініп құлайды. Сол кезде жүрек, «балам бір жерің ауырып қалмады ма» деп тіл қатады да, үзіліп кетеді. Ұлы қателік жасағанын түсінеді. Артқа жүгіріп, анасының жүрегін кеудесіне апарып салады. Ана мен баланың шексіз махаббатының арқасында жүрек қайта соғып, анасы тіріледі. Сол кезде ұлы өміріндегі ең асыл адамды жоғалтып ала жаздағанын ұғады...
Тәуелсіздік жылдары елімізде 7 миллион бала дүниеге келген. Әр минутта 45 нәресте шыр етсе, жылына қатарымыз 400 мыңмен толығып отырады. Бұл – мемлекеттің ерен қолдауы мен болашаққа деген берік сенімнің жемісі. Елбасы осыны айтты. Себебі, Қазақстанның келешегі – жаңа ұрпақ.

Бала тууға шектеу қойып жатқан мемлекеттер бар. Ал, біз керсінше, көбейту үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз. Көп баланы дүниеге әкелген аналарды күміс, алтын алқамен марапаттап, мерейін үстем қыламыз.
Қазір, әйелдер қалаған саласында еңбек ете алады. Мүмкіндік мол, артылар сенім де зор. Тиісінше, оны ақтауға терең білім мен қабілет те жетеді. «Еңбек етіңдер» деген Президент, бірақ, басты міндетті естен шығармауды қайталады. Ол – бесік тербету, бала тәрбиелеу.

Мен ұзақ сөйлеп кеттім. Бәріңіз сөз алуға асығып отырған шығарсыздар. Бірақ, әр әйел күніне 20 мың сөз айтады деген бар. Әйелдің аузын жабу үшін ер-азаматтар сүюді ойлап тауыпты.
Сөз тізгіні қыз-келіншектерге тиді. Бейбіт күнде берекелі де мерекелі өмір сүріп жатқандары үшін Елбасына алғыстарын ақтарды. Арасында Қазақ елінің Дүниежүзілік сауда ұйымына оңайлықпен кірмегені туралы да белгілі болды.
Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министрі:
Ең алдымен маған Қазақстанның ДСҰ-на мүшелікке қосылу үшін жүргізілген келіссөздерді сеніп тапсырғаныңызға алғыс айтамын. Сіздің сеніміңіз маған және біздің сарапшылар тобымызға шабыт берді. Біздің ұйымға түсуімізге геосаяси жағдайлар біраз кедергі келтірді. Біздің негізгі сауда серіктестеріміз саяси кикілжіңдердің шешімі ретінде экономикалық санкциялар қабылдады. Сондай-ақ, біз Кедендік одақтың болашақ мүшесі ретінде ДСҰ-на кіруге ұсыныс бергенімізді көбі түсіне қоймады. Сіз осы қиындықтарды жеңе білдіңіз!

8-наурыз ерекше күн! Әйелдер 8 санын көлденең қойып, оның шексіздікке айналғанын қалайды екен. Әйелдер күні сан түрлі әзілдер айтылып, жазылып жатады ғой. Жыл сайын ер азаматтар әйелді құттықтаған да, Сені де деп айтып жібере жаздаймын деген қалжыңды оқыдым.
Кездесу соңында Елбасы 7 бала тәрбиелеп отырған Алтынай Тоқпанованы алтын алқамен марапаттады. Алтын құрсақ анаға ақ батасын беріп, маңдайынан иіскеді.
Әдемі жандарды мерекелерімен құттықтап, әзілмен көңілдерін көтерген Мемлекет басшысы, олармен бірге ән салып, би де биледі.
Ал, көңілді кездесуден арулардың жүздері бал-бұл жанып шықты. Тарту-таралғыларын көрсетіп, алған әсерлерін ақжарыла айтты.
Алтынай Тоқпанова, көпбалалы ана:
Әсерім күшті.
Жанар Ыбыраева, Зымыранды-артиллериялық кеменің радиобайланысшысы:
Қазақтың әдемі алқасы – ең құнды, ең керемет зат менің өмірімдегі.
Айна Кенесарина, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының токарьі:
8 сағат бойы аяқтан тұрған соң, оңай емес, денсаулыққа зиян, бірақ, бәрібір жұмысымды жақсы көремін.
Жазира Жаппарқұл, зілтемірші, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері:
Елбасы Қазақстанды ұстап тұрғанда, мен зілтемірді көтеру керекпін ғой. Алда келе жатқан Рио Олимпиадасында бар жігерімді жинап, елімнің көкбайрағын желбіретуге, әнұранды ойнатуға күшімді саламын.
Перизат Оралбаева, Селолық округ әкімі:
Осындай Елбасымыз бар, кең байтақ жеріміз бар, ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы бар біз бақытты ұрпақпыз!
Армангүл Тоқтамұрат