Басты Жаңалықтар Елорда тұрғындарына үздік отандық тауарлар ұсынылды (толығырақ)

Елорда тұрғындарына үздік отандық тауарлар ұсынылды (толығырақ)

Елорда тұрғындарына үздік отандық тауарлар ұсынылды (толығырақ)

Онда өз өнiмдерiн 150-ден астам тауар өндiрушi ұсынып отыр.

«Бұл - ең алдымен халықтың отандық тауарларға деген сенiмiн арттыруға үлес қосады, сондай-ақ, кәсiпкерлiктiң дамуының тиiмдi құралы»,  дейді мамандар.

Шара қазақстандық тауарлардың танымалдылығын арттыру және қолдау үшiн ұйымдастырылып келедi.

Оған наурыз бен қыркүйек аралығында өткен аймақтық байқауларда жеңiмпаз атанған ең үздiк компаниялар қатысуда.

Айта кету керек, аймақтық байқауларда жалпы 700 кәсiпорын мен компания бақ сынады.

Көрмеге келушiлер қазақстандық азық-түлiктердi: шұжық, сүт өнiмдерiн және өзге де тауарларды сатып ала алады.

Сонымен қатар, онда халық жиi тұтынатын өнiмдер мен тауарлар ұсынылған.

Біржан Қанешев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы:

Елбасының Жарлығы бойынша үздік тауарларды 2006 жылдан бері анықтап келеміз. Шағын және орта бизнестен қатысушылар көбейді.

 

Индира БЕГАЙДАР

 

                                                          

Бөлісу